BasNewsЖаңалықтар

Қарағандыда ер адам өзгенің көлігін өртеп жіберді

Қарағандыда мас ер адам өзгенің көлігін жағып жіберген. Анықталғандай, көліктің электр сымдарын әдейі өртеген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды қаласының полиция басқармасына 36 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Жәбірленуші түнде көпқабатты үйдің ауласында көлігін қалдырғанын айтқан. Түнгі 02:00 шамасында кенеттен көлігі оталған. Анықталғандай, көліктің электр сымдарын әдейі жағып жіберген.

Оқиға орнынан отын қалдығы табылды. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері 45 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Қаскүнем көлікті мас күйінде өртегенін айтқан.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Back to top button