BasNewsЖаңалықтар
Өткен тәулікте 257 қазақстандық коронавирус жұқтырған
Бір тәулікте 257 қазақстандық коронавирус жұқтырған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметі бойынша.
24 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2498 адам коронавирус инфекциясынан (-2368 + және 130 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 350 пациент стационарда, 2148 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 12 адамның жағдайы ауыр,
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.