BasNewsЖаңалықтар

Павлодарда баласы 84 жастағы әкесін үйден қуып шықты

Павлодарда туған әкесін қақаған қыста үйінен қуып шыққан безбүйрек ұлдың үстінен әкімшілік іс қозғалды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Бұл туралы Polisia.kz медиа-порталы жазды. Онда 84 жастағы зейнеткерді туған ұлы үйден қуып шыққаны айтылған. Мұндай қадамға бейзбүйрек азамат отбасылық ұрыстан кейін барған.

Даудың басына әкесінің пешті өшіруді ұмытып, ұйықтап кетуі себеп болыпты. Әкесімен жанжалдасып қалған ұлы оны үйден қуып жіберген. Кейін далада қалған қарт полицияға шағымданады.

«Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушыны жауапкершілікке тарту үшін материал сотқа жіберіледі», — делінген хабарламада.

Back to top button