BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып барады
Қазақстанда тәулігіне коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Мұны COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дерегінен байқауға болады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Соңғы тәулікте 231 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.
Жаңадан жұқтырған 231 науқаста ПТР талдауы оң нәтиже берген, тағы 11 науқаста ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсетіп, пневмония диагнозы қойылған.
28 желтоқсандағы жағдай бойынша, 2621 адам (2480 КВИ+ және 141 КВИ-) емделіп, оның ішінде 282 науқас стационарда, 2339 науқас амбулаторлық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
8 адамның жағдайы ауыр,
6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.