BasNewsЖаңалықтар

Қарағанды ​​облысында 19 вагон рельстен шығып кетті

28 желтоқсан күні сағат 07:45-те Қарабас стансасының Қарағанды – Ақадыр учаскесінде жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz.

«Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ баспасөз қызметі ешбір адам зардап шекпегенін мәлімдеді.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуіне жеке меншікке тиесілі бірінші астық тасымалдаушы доңғалақ жұбының кептеліп қалуы себеп болған. Бұл жағдайды тексеру үшін «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-да арнайы комиссия құрылды», делінген «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарламасында.

Компания бұл учаскеде пойыздар көрші жолмен жүріп жатқанын атап өтті.

«Қарағанды, Құлайғыр станциялары бойынша екі жолаушылар пойызы кідірді. Вагондардың жолдан шығуы салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды», деп мәлімдеді «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Back to top button