BasNewsЖаңалықтар
Ақтөбе облысында мектеп автобусы жол апатына ұшырады
Ақтөбе облысында мектеп автобусы жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлады Basnews.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 28 желтоқсанда кешкі уақытта Ақтөбе-Астрахань автожолында ПАЗ мектеп автобусының 62 жастағы жүргізушісі екінші реттік жолдан шыққан кезде негізгі жол бойымен келе жатқан көлікке жол бермей, DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан автобус жүргізушісі алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты. Автобус салонында жүргізушіден басқа ешкім болмаған.
ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.