BasNewsЖаңалықтар
Елордада коронавирус жұқтырған 10 адам сауықты

Нұр-Сұлтанда коронавирусты жұқтырған 10 адам ауруханадан шығарылады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, – деп хабарлайды BasNews.kz.
«Шағым жоқ, жағдайлары тұрақты. Олар екі рет зертханалық талдаудан өтті. Олар екі апталық үй карантиніне жіберіледі», – деді ол.
Сәуле Қисықованың айтуынша, бұның алдында тағы екі адам індеттен сауыққан соң, үйлеріне жіберілген.
Барлығы еліміз бойынша коронавирустан жазылғандар саны 13 адам.



