BasNewsЖаңалықтар

Доллардың ресми бағамы белгілі болды

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,53 теңгеге төмендеп, 463,31 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 6 қаңтардағы ресми бағамы – 465,93 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 463,94 теңге, сату – 468,02 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 464,73 теңгеден сатып алынып, 467,85 теңгеден сатылып жатыр.

Back to top button