Көкшетауда үш әйел ыстық суға күйіп өлген
Көкшетау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жылу жүйесі жарылып, 3 әйел көз жұмды. Қайтыс болғандардың бірі – үй иесі, зейнет жасында болған. Ал, қыдырып келген оның қос құрбысы 50 және 56 жаста, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Astana арнасына сілтеме жасап.
Көз жұмған үш әйелдің де денесінің басым бөлігін күйік шалып, құтқаруға мүмкіндік болмаған. Қазір оқиғаның негізгі себебі анықталып жатыр.
“Біз алдымен 109-ға хабарластық. Бірақ олар бізге басқа жауапты мекемелерге хабарласуымызды сұрады. Осылайша, біз таңғы 4-5 ке дейін тек телефонда жауап күттік. Көршілердің жарығы жанып тұрғасын терезесі мен есігін қайта-қайта қақтық. Бірақ ешкім ашпады. Ал, тиісті сала мамандары келгенше ыстық су барлық дәлізді алып кетті”, – деді Көкшетау қаласының тұрғыны Жанна Көкешева.
Полиция мәліметінше әйелдердің өліміне күйіктен болған шок себеп болған.
“Аталған іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне енгізілді. Алғашқы медициналық қорытындыға сәйкес, әйелдердің өліміне күйіктен болған шок себеп болып отыр. Медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде”, – деді Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар