BasNewsЖаңалықтар

Оралда үш жігіт пен бір қыз көлікте көмірқышқыл газына тұншығып қаза тапты

Оралда үш жігіт пен бір қыз көлікте көмірқышқыл газынан уланып қаза болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бүгін, 8 қаңтарда сағат 10:30 шамасында тіршілік белгілері жоқ адамдар отырған көліктің табылғанын мәлімдеді.

Көлік «Сарытау» шағын ауданында орналасқан жеке үйдің гаражында тұрған.

«8 қаңтарда сағат 10.30-да гараждағы көліктен 18 жастағы қыз бен үш жігіттің мәйіті табылды, олардың бірі 18, екеуі 16 жаста.

Оқиға орнында медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – делінген хабарламада.

Back to top button