Ресейліктер Қазақстаннан жаппай көлік сатып алып жатыр
Қазақстаннан Түмен облысына шетелдік көліктердің импорты 56 есеге өсті. Бұл туралы Түмен облыстық кеден өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі РБК сайтына сілтеме жасап.
Қазақстаннан Түмен облысына шетелдік көліктердің импорты 56 есеге артқан. Мамандар мұны шетелдік автоөндірушілердің кетуімен байланыстырады.
«2022 жылы Түмен және Тобыл кеден бекеттерінің қызметкерлері Қазақстаннан әкелінген 668 көлікке қатысты кәдеге жарату төлемін алды. Өткен жылы 12 көлік әкелінді», – деп атап өтті Түмен бекеті өкілдері.
Ресейлік сарапшылардың айтуынша, автокөлік нарығындағы жағдай қиын. Мәселен танымал еуропалық және жапондық автокөліктердің ресми жеткізілімі алдағы уақытта қалпына келмеуі мүмкін. Ал, Корея, БАӘ және АҚШ-тың ірі көлік хабы саналатын Қазақстанда қалай көлікті сатып алуға болатыны жайлы тұрғындарға ақпарат беріліп жатыр.
“Сатып алынған ең төменгі мөлшермен қарастырсақ, ресми дилерлердің көліктеріне назар аудару керек. Ең алдымен, бұл Қазақстанда да, Ресейде де бірдей танымал корей брендтерінің көлігі», – деді сарапшы.