Қытай тарапы Қазақстан-Қытай учаскесінде бұрын енгізілген шектеу және карантин шараларын алып тастайды
2023 жылғы қаңтардың бірінші онкүндігінен бастап мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай учаскесінде қытай тарапы бұрын енгізілген шектеу және карантин шараларын алып тастайды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан ақпаратқа сәйкес, Қытай тарапы көлік құралдарына ҚХР аумағына кіру мүмкіндігін бере отырып, тасымалдаудың пандемияға дейінгі форматына оралуымен автокөлік құралдарын қабылдауға ниетті.
Бұл ретте автокөлік құралдарының жүргізушілерінде визалар, ПТР тестілері болуы керек, сондай-ақ көліктер халықаралық стандарттарға сәйкес келуге тиіс.
Комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, шекарадағы шектеулерді алып тастағаннан кейін бұрын Қытай тарапы белгілеген автокөлік құралдарының сипаттамаларына қойылатын талаптар сыртқы экономикалық қызметке бірқатар қатысушылардың наразылығын тудырды, себебі олар автокөлік құралдарына қойылатын қатаң талаптар кезінде автокөлік құралдарын қайта жабдықтау бойынша белгілі бір шығындарға ұшырады.
2023 жылғы 09 қаңтарда мүдделі тараптардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында «Қалжат» өткізу пунктіне ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылық құрамы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесу өткізді.
«Өткізілген жұмыс кеңесі барысында шекара қызметімен, жергілікті атқарушы органдармен және тасымалдаушылармен бірлесіп кедендік рәсімдерден өту, сондай-ақ мемлекеттік шекарадан өту тәртібі туралы қажетті түсініктемелер берілді. Кеңес барысында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бірқатар сұрақ қойып, нақты жауаптар алды», – деп мәлімдеді ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті.
Сондай-ақ олар Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік бақылау бойынша шекарадағы жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп отыратынын мәлімдеді.