СҚО-да жоғалып кеткен балықшының мәйіті табылды
Солтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен балықшының мәйіті табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz.
11 қаңтар күні сағат 16.00 шамасында Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ступинка ауылынан бес шақырымдай жерде орман маңынан қар басып қалған Новоишимское ауылының 31 жастағы тұрғынының денесі табылды.
Ол 9 қаңтардан бері хабарсыз кеткен. Екі досымен бірге балық аулауға кетіп, оралмаған соң, ер адамның анасы полицияға іздестіру туралы арызбен жүгінген.
«Қаңтардың 7-нен 8-іне қараған түні Новоишимское ауылының үш балықшысының Ступинка ауылының маңындағы көлде түнде боран жағдайында серуендегені, бірақ ол кетіп қалғаны белгілі болды», – делінген хабарламада.
Жоғалған адамның денесінен қылмыстық өлім белгілері табылмады. Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптаманың қорытындысы анықтайды. Аталған факті адам жоғалу фактісі бойынша ТЖД-да тіркелді. Процессуалдық сараптама жүргізілуде.