BasNewsЖаңалықтар
Рудныйда бірнеше үй мен ғимарат жылусыз қалды
Қостанай облысы Рудныйда бірнеше үй мен ғимарат жылусыз қалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі iagorod.kz басылымына сілтеме жасап.
«Сағат 10.30-да Горняков көшесінің бойындағы жылу өтетін жолда (диаметрі 530 миллиметр) жарылыс болды. 24 тұрғын үй, 59 жекеменшік үй және 16 ғимарат жылусыз қалды. Қазір жарылған жер анықталып жатыр. Оны анықтағаннан кейін жұмысты «Рудный жылу желілері» ЖШС жедел топтары жүргізеді», – деді Рудный әкімдігі баспасөз қызметі өкілдері.
Әлеуметтік желіде апат салдары түсірілген видеолар пайда болды.