BasNewsЖаңалықтар

Алматыда коронавирустан тағы екі адам жазылып шықты

Алматыда коронавирустан жазылған тағы екі адам ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Екі ер адам бүгін ересектер жұқпалы аурулар ауруханасынан шығарылды. 1962 жылы туған азамат 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген болатын. Екіншісі – 1995 жылы туған жігіт 15 наурызда Сеул-Алматы рейсімен келді», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Қазіргі таңда мегаполистен бес науқас сауығып шықты. Олардың біреуі 12 жастағы қыз бала.

Енді олардың барлығы медицина қызметкерлерінің бақылауында үйде 14 күндік карантинде болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button