BasNewsЖаңалықтар

Пара алды деген күдікпен Антикор басшысының орынбасары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты соталды тергеуді бастады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қорғаныс министрлігі Ақпараттандыру департаменті бастығының м.а. бейнеконференция байланыс жабдығын жеткізу мерзімін бұзып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Күдікті ұсталып, Астана қаласы тергеу соты санкциясымен қамауға алынған.

Back to top button