BasNewsЖаңалықтар

Сарбаздың суициді: марқұмның аузынан ер адамның биоматериалдары табылды

Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросында Жамбыл облысында әскерге шақырылған азаматтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты жан түршігерлік мәліметтер айтылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Адвокат Сержан Пралиев сот-медициналық сараптамадан кейін марқұмның аузында және киімінде өзіне тиесілі емес еркектердің биоматериалдары бар екені белгілі болғанын айтты.

Қорғаушы тараптың айтуынша, сарбазға қарсы оның әріптестері ұялы телефонға түсірілген сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған болуы мүмкін. Осыдан кейін соңғысы ұят пен қорлыққа шыдай алмай, асылып өлді.

Бұл әскерилер қазіргі уақытта айыптау тарапының куәгерлері. Осының бәріне қарамастан, ҚР Қарулы Күштері Тараз департаментінің тергеушілері мен Оңтүстік өңірінің прокуратурасы бұл нұсқаны қарастырғысы келмейді, керісінше департамент командирінің өкілеттігін асыра пайдаланғанын алға тартып отыр.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2022 жылдың 19 тамызында Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Шөлдала» шекара бөлімінде болған – асылып қалған сарбаз қорадан табылды.

Өз-өзіне қол жұмсаудың ықтимал себебінің бірінші нұсқасы қызбен жанжал болған, ол расталмады.

Содан кейін шекара бөлімінде куәгерлер табылды, олар бөлім командирі қатардағы Б.-ны балағаттап, қорлап, соққыға жыққанын, соның кесірінен асылып өлгенін айтқан. 2022 жылдың 24 тамызында бөлім командирі қамауға алынып, оның үстінен «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Back to top button