BasNewsЖаңалықтар
Таразда 19 жастағы қыз ғимараттан секіріп кетті
27 қаңтарда Тараз қаласында салынып жатқан нысанның төбесінен 19 жастағы қыз секіріп кетті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, – деп хабарлайды Basnew.kz тілшісі.
«27 қаңтарда сағат 15:50 шамасында Тараз қалалық ПБ жедел басқару орталығына ықшам аудандардың бірінде құрылысы аяқталмаған нысанның төбесінен қыз баланың секіріп кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ-нің 105-бабымен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады полиция.
Секірген қыздың 19 жастағы қала тұрғыны екендігі анықталды. Шұғыл түрде облыс орталығындағы ауруханалардың біріне жеткізілген ол қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.
Бойжеткеннің суицидке бару себебі тергеп-тексеру шаралары барысында анықталатын болады.
Басқа да мән-жайлар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.