BasNewsЖаңалықтар

Ақтауда ер адам банкке келушілерді пышақпен қорқытқан

Ақтауда банкке келушілерді пышақпен қорқытқан ер адамның шабуылының видеосы тарады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ақтау қалалық ІІБ мәліметінше, оқиға 16 қаңтарда 31А ықшамауданындағы «Халық банкі» филиалында болған.

Полиция таратқан кадрларда ер адамның келушілер мен банк ғимаратындағы банкомат қызметкерін пышақпен қорқытып жатқанын көруге болады. Банк клиенттері қарулы азаматты ұстауға көмектескен.

«Ақтауда тонау фактісі анықталды. Белгісіз тұлғаның алкогольдік масаң күйде банкке келушілер мен қызметкерлерін пышақпен қорқытып, қарақшылық шабуыл жасағаны анықталды. Жедел іс-шаралар барысында 43 жастағы азамат ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», – деді ведомство.

Back to top button