Шетелдік азаматты құлдыққа сатқан Жетісу полицейлері он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Шетелдік азаматты құлдыққа сатқан Жетісу полицейлері он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық істі тергеу басталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі astanatv.kz сайтына сілтеме жасап.
Өзбекстан азаматының президентке үндеу айтып, бейнежазбада көмек сұрағаны әлеуметтік желіде таралды. Ер адам Қазақстанда он жыл тұрғанын және құжаттарын жоғалтқанын айтты. Ал Қаратал ауданының полиция қызметкерлері оны ұрып-соғып, фермерге сатып жіберген.
Жәбірленуші көкөніс бақтарын қазып, барлық қара жұмысты тегін орындағанын айтады. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары оны қойға айырбастаған.
Осы хабарламадан соң, Қаратал ауданына қауіпсіздік басқармасы, көші-қон қызметі және жеке құрам инспекциясы қызметкерлерінен топ жіберілді. Алайда аталған қызметкерлер жұмыстан шеттелтілді ме, жоқ па, әзірге белгісіз.
Егер олардың кінәсі ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі «билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» бойынша анықталса, он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.