BasNewsЖаңалықтар
Доллар бағамы өсіп жатыр
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтеріліп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,35 теңгеге көтеріліп, 460,87 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 1 ақпандағы ресми бағамы – 460,51 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 459,44 теңге, сату – 463,04 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 459,74 теңгеден сатып алынып, 462,63 теңгеден сатылып жатыр.