BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте көпқабатты үйдің балконы құлаған

Шымкентте орталық көшелердің бірінде үш қабатты үйдің балконы құлады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Оқиға күндіз болды, бұл кезде айналада адамдар көп болған.  Осы кезде дүкені бар бірінші қабатта жұмысшылар жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Үй тұрғындарының айтуынша, балкон шатырдан құлаған қар мен мұздың салмағына төтеп бере алмады. Қуаныштысы, ешкім зардап шекпеген.

«Шатырдан мұз бен қар тікелей балконға құлады. Балкон шыдай алмай, құлап кетті. Бұл бірінші рет болып жатқан жоқ. Үйдің басқа бөлігіне да мұздың үлкен бөлігі құлап, шатыры бұзылды, бірақ құлаған жоқ. Ал балкон ескі болғандықтан, шыдамай сынып кетті», – деді қала тұрғыны Гүлзада Жүсіпбаева.

«Диванда жатсам, төбеден бірдеңе құлаған дауыс шықты. Атып тұрдым. Еш жерде қарды ұстап қалатын нәрсе орнатылмаған. Кесек-кесек мұз құлады», – дейді тұрғын Владимир Казберович.

Төтенше жағдайлар департаменті барлық сақтық шараларын қабылдағанын айтады.

«Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін құтқарушылар оқиға болған жерде шатырлардан қар мен мұз қалдықтарын тазартты”, – деді қалалық ТЖ департаментінің қоғаммен байланыс тобының бас маманы Зарипа Тұрысбекова.

Үй ескі және бірнеше ғана пәтер болғандықтан, пәтер иелері кооперативі мен мүлік иелерінің бірлестігі қарамайды. Оған тұрғындар өздері жауап береді. Қар тазаланды. Енді балконнан айырылған пәтердің тұрғындары да, бірінші қабаттағы дүкен иесі де бір-біріне талап қоймай, арыз жазудан бас тартты. Іс жабылды.

Бұдан былай сақ болуға және үй мәселесіне көбірек назар аударуға кеңес берілді.

Back to top button