BasNewsЖаңалықтар

Жетісу облысының барлық соттарына бомба қойылғаны туралы хабарламалар келген

3 ақпанда Жетісу облысындағы соттардың электронды мекенжайларына сот ғимараттарына жарылғыш заттардың қойылғаны туралы хабарламалар келіп түсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Мәтінде Алматы облысындағы сот ғимараттарына бомба қойылғаны туралы жазылған. Бұл туралы ақпарат департаменттің Facebook-тегі парақшасында пайда болды.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрамында арнайы іздестіру иттері бар саперлар тобы облыс аумағында орналасқан барлық сот ғимараттарын тексерді. Тексеру кезінде жарылғыш құрылғылар табылмады.

Хабарламада көрші облыстың көрсетілгені ескеріліп, жинақталған материалдар Алматы облысының полиция департаментіне жолданып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Терроризм актiсi туралы жалған хабарлау – 5000 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған.

Back to top button