BasNewsЖаңалықтар

Атыраулық әйел екі сәбиін сатып жіберген

Атыраулық әйел 2021 және 2022 жылы туған сәбиін сатып жіберген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2021 және 2022 жылы туған сәбилерін сатқан БҚО-ның 1991 жылғы тұрғынын анықтады», – делінген ПД хабарламасында

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті анықталып, қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Back to top button