BasNewsЖаңалықтар
Хатайда 20 күндік сәби үйінді астынан аман шығарылды
Түркияда жер сілкінісінен кейін 20 күндік сәби үйінді астынан шығарылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы британдық Metro газетінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтылған.
Керем Ағырташ есімді нәресте Түркияның оңтүстігіндегі Хатайда 60 сағаттық іздеуден кейін үйінді астынан табылды. Оның отбасы мүшелері апаттан аман қалды ма, белгісіз.
Баланың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық екені, медициналық бригадалар сәбиге алғашқы медициналық көмек көрсеткені атап өтілді.