BasNewsЖаңалықтар

116 сағат үйіндінің астында жатқан: Түркияда 20 жастағы жігіт құтқарылды

Түркияның Кахраманмараш қаласында құтқарушылар 116 сағаттан кейін үйінді астынан тірі адамды алып шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Түрік ақпарат құралдары 20 жастағы жасөспірімнің үйінді астында бес тәулікке жуық уақыт болғанын жазады. Құтқарылған жігітті дереу дәрігерлерге тапсырған, ол әбден азып-тозған, оның құтқарылуын көпшілік ғажайыпқа теңеп жатыр.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда жер сілкінісі салдарынан 20 318 адам қаза тапты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа мәлімдеді. 80 012 адам жарақат алған. Қазір елде іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Back to top button