Петропавлда 9-сынып оқушысы үш баланы балтамен жаралады
Петропавлда №4 мектепте төтенше жағдай болды. 9-сынып оқушыларының бірі мектепке балта мен пышақ әкеліп, сабақ басталар алдында жоғары сынып оқушыларына шабуыл жасаған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.
Шабуыл туралы ақпарат пабликтерде пайда бола бастады. Онда 9-сынып оқушысының мектепке балта мен пышақ әкеліп, әжетханада бетперде киіп, дәлізге шығып, үш оқушыны жарақаттағаны айтылған.
Екі бала басы мен білегінен пышақ жарақатын алып балалар ауруханасында жатыр, үшінші балаға сол жерде медициналық көмек көрсетілген. Зардап шеккен балалар 10 және 9-сыныпта оқиды.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен облыстық полиция департаменті оқиғаны растап, зардап шеккендердің барлығы облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін және олар есін білтенін айтты.
«Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған Д.-ны ұстады, бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 1, 14-тармағы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша соталды тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған Д. психиатриялық бақылауға алынған. Кәмелетке толмаған бала мен мектеп әкімшілігінің әрекетіне соталды тергеп-тексеру аясында құқықтық баға беріледі. Қалған мән-жай анықталып жатыр», – делінген хабарламада.