BasNewsЖаңалықтар
Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,61 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 452,43 теңге.
Ұлттық банктің 13 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 450,79 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 453,5 теңге, сатып алу – 457 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 451,8 теңгеден болса, сатып алу құны – 454,8 теңге.