BasNewsЖаңалықтар

Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар, – деп хабарлайды Basnews.kz.

ҚР Үкіметінің ресми Telegram арнасының жазуынша, Қазақстан Республикасы Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды. Бұл шешім мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қабылданып отыр.

Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.

15 ақпан күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35 мыңнан асқанын мәлімдеді.

Back to top button