BasNewsЖаңалықтар
Түркияда 296 сағат бойы үйінді астында жатқан ерлі-зайыптылар мен олардың баласы құтқарылды
Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында 13 күннен соң 3 адам құтқарылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Антакья қаласы Түркменбашы көшесіндегі үйдің қирандыларын жинау кезінде құтқарушылар ерлі-зайыпты Самира Мұхаммед пен Рагды Аджардың және олардың балалардың қай жерде екенін анықтаған. Үшеуі де жер сілкінісінен соң 296 сағаттан кейін құтқарылды.
Өкінішке қарай 12 жасар бала ауруханада көз жұмды, ал екі ересек тірі қалды. Кейінірек бұл отбасының тағы екі бала зілзаладан кейін опат болғаны анықталды.
Рагды Аджар шұғыл түрде тікұшақпен Адана қаласындағы ауруханаға жеткізілді.