Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды
Сәрсен Құранбек мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Мәдениет және спорт вице-министрі ауысты.
«Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Құранбек Сәрсен Абайұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.
Сәрсен Құранбек 1976 жылы Жетісу облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін,Қазақ спорт және туризм академиясын, Қазтұтыну ныңодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. .
Еңбек жолын 1995 жылы «№ 4 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» МКҚК жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.
2002-2004 жылдары – «№ 15 балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы» МКҚК директоры.
2004-2007 жылдары – «№ 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК директоры.
2007-2009 жылдары – «Алматы дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бастығының орынбасары.
2009-2010 жылдары «республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2010-2011 жылдары – «қысқы Азия ойындары мен Олимпиадалық алау эстафетасын өткізу жөніндегі қалалық дирекция»МКК директорының орынбасары.
2012-2014 жылдары – «Қазақстан Барысы «қазақ күресін дамыту қоры» қоғамдық қорының атқарушы директоры.
2014 жылы «ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі» ММ төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2014-2018 жылдары – «ҚР Qazaq kuresi Федерациясы» қауымдастығы нысанындағы ЗТБ бас хатшысы.
2018-2022 жылдары – «Қазақстан поло федерациясы» қауымдастығы нысанындағы ЗТБ бас хатшысы.
2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығы» нысанында ЗТБ бас директоры қызметін атқарды.
Осы лауазымды бұрын атқарған Серік Маратұлы Жарасбаев берілген өтінішке сәйкес қызметтен босатылды.