BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбе облысында жүк көлігі мен пойыз соқтығысты

20 ақпанда сағат 15:50 шамасында Самара-Шымкент трассасының «Жазық» теміржол өткелінде жүк пойызы мен жүк көлігі соқтығысты, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жаңа көліктер тиеген ауыр жүк көлігінің жүргізушісі өткелдегі бағдаршамның тыйым салған белгісін елемей алға ұмтылып, пойызбен соқтығысқан.

«Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Жол апатының себебі анықталып жатыр», делінген хабарламада.

Back to top button