BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбе облысында әкесі мен оның кәмелетке толмаған үш баласы жол апатынан қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан әкесі мен үш баласы қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі. Бұл жөнінде ІІМ ресми сайты жазады.

«21 ақпан Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің жүргізушісі Самара-Шымкент автожолының 938 шақырымында қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан», – делінген сәрсенбіде тараған ақпаратта.

Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі, 29 жастағы әйел Әйтеке би ауданының ауруханасына жатқызылған. Алайда өкінішке орай, 31 жастағы жұбайы және 2017, 2015 және 2020 жылы туған үш кәмелетке толмаған бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп қосты полиция.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Back to top button