BasNewsЖаңалықтар
Бүгінгі саудада доллар қымбаттай түсті
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,36 теңгеге көтеріліп, 449,22 теңге болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 65,31 теңге (+0,65) болды.
Еуро мен Ресей рублімен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 475 теңге, рубль бағамын 5,96 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 449-452 теңге, еуро – 475-481 теңге, ресей рублі – 5,85-6,1 теңге аралығында сатылып жатыр.
Ал 23 ақпандағы саудада әлемдік мұнай бағасы да көтерілді.
Мәселен, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 0,5%-ға өсіп, 81,01 доллар болды.