BasNewsЖаңалықтар
Ақтөбе облысында жұмысқа кеткеннен оралмаған 47 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Ақтөбе облысында жұмысқа кеткенінен оралмаған 47 жастағы әйелдің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше 25 ақпанда жедел-тергеу іс-шаралары кезінде 29 жастағы күдіктіні анықталып, ұсталған. Оның автокөлігінен пышақ жарақаты түрінде зорлықпен өлім белгілері бар жоғалған әйелдің мәйіті табылған.
“Осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды”,- делінген хабарламада.