BasNewsЖаңалықтар
Тәжікстанда 4,2 балдық жер сілкінісі болды
Тәжікстанда магнитудасы 4,2 балдық жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі some.kz сайтына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 27 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 09:01-де жер сілкінісін тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 689 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,0. MPV магнитудасы – 4,2», – делінген хабарламада.