BasNewsЖаңалықтар

Ақмола облысында пойыз 30-дан аса жылқыны қағып кетті

Ақмола облысында жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

25 ақпанда Ақмола облысының Көкшетау-Жамантұз станциясының өткелінде жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті. Апат болған жерде пойыз 50 минут тоқтап қалды.

«Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны анықталды. Жылқылардың қалған иелері ауыл тұрғындары үй жануарларын кезекпен жайып жүргендерін түсіндірді. ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», – делінген хабарламада.

Back to top button