Биыл Astana LRT құрылысына қосымша 50 миллиард теңге бөлінеді
Биыл Astana LRT құрылысына 50 миллиард теңге қосымша қаржы қарастылған. Бұл жайында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Биыл Astana LRT құрылысына 50 миллиард теңге қосымша қаржы қарастылған. Бүгін таңертең республикалық бюджет комиссиясының отырысы болды. Сонда тиісті қаржыны бөлу мәселесін қарастырдық. Республикалық бюджеттен қаржыны бөлу мәселесі парламентте талқыланып, қаулыға қол қойылуы керек. Меніңше, биыл сәуірде қаржы Астана әкімдігіне беріледі», – деді Марат Қарабаев.
Министр LRT жобасына бөлінетін қаражаттың бір бөлігі вагон сатып алуға жұмсалатынын айтты.
“Біз әкімдікпен де сөйлестік. Олар екі мәселені көтерді. Біріншіден, жобаны әуежайдан бастаймыз деді. Екіншіден, пойызды сатып алуды қаржыландырамыз деп отыр. Пойыздың қай жатқан сатып алынатынын айта алмаймын. Биыл жоба іске қосылмайды”, – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев