BasNewsЖаңалықтар

Таразда 13 жасар бала қос қолдап амандаспаған құрдасының қолын сындырды

Тараздық жасөспірім құрдасының денсаулығына қасақана орташа ауыр деңгейде зиян келтірді. Осы үшін оның ата-анасы жауап беруге тура келді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылдың 14 ақпанында Тараз полициясының 2-ші қалалық бөліміне жергілікті тұрғын шағым түсірді.

«Әйелдің айтуынша, 27 қаңтарда сағат 19:00-де 13 жасар жасөспірім оның ұлын жарақаттаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 1-бөлігі 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді, алайда ҚР ҚК 15-бабы бойынша 16 жасқа толмаған тұлға қылмыстық жауапқа тартылмайды», – деді ведомстводан.

Полиция қызметкерлері 13 жастағы кәмелетке толмаған құқық бұзушының ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 103 500 теңге (30 АЕК) мөлшерінде айыппұл салды.

Белгілі болғандай, жасөспірімге құрдасының амандасқаны ұнамай қалған, яғни екі қолмен амандаспағы үшін ол осылай жазалаған. Енді құқық бұзушы Тараз қаласы полиция басқармасының 2-ші полиция бөліміне профилактикалық есепке қойылды.

Back to top button