BasNewsЖаңалықтар
Кейінгі тәулікте 86 адамнан коронавирус анықталды
Өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясы 86 адамнан анықталды, коронавирус белгілері бар пневмонияға 1 адам шалдықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
3 наурыздағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирустан 1 651адам (коронавирус (КВИ+)–1 539, пневмония (КВИ-) – 159) емделіп жатыр. Олардың ішінде 115 пациент стационарда, 1 583 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 2 адамның жағдайы ауыр,
– 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
– 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.