BasNewsЖаңалықтар
Семей-Өскемен тас жолында 70-тен астам көлік тұрып қалды
Семей-Өскемен тас жолында 70-тен астам көлік қолайсыз ауа райының құрсауынан шығарылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөренің нұсқауы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер адамдарға көмекке аттанды.
Патрульдік полиция ротасының экипажы жолды жауып тастады. Жүк тиегіш пен грейдер жолды қардан тазартты.
Баған Семей қаласына қарай жүрді.