BasNewsЖаңалықтар
Әскери институттың курсанты өлі күйінде табылды
Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1 курс курсанты өлі табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.