BasNewsЖаңалықтар
Доллар бағамы тағы 4 теңгеге төмендеді
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 4,45 теңгеге төмендеп, 431,08 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 3 наурыздағы ресми бағамы – 435,69 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 431,94 теңге, сату – 437,04 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 432,69 теңгеден сатып алынып, 436,08 теңгеден сатылып жатыр.