BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген қаржыға 70-тен астам мектеп салынады
Биыл жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа мектептер салынбақ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Жемқорлардан тәркіленген қаржыға биыл елімізде 70-тен астам мектеп салынады. Бізде мектеп құжаттары мен тізімі бар. Жуырда мектеп құрылысына қаржы бөлінеді. Мектептер еліміздің барлық өңірінде салынады», – деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап бере отырып.
Министрдің сөзінше, жемқорлықтан жиналған ақша жаңа мектептермен қатар құрылысы басталған білім ұйымдарына да жұмсалады.