BasNewsЖаңалықтар

Қырғызстан парламенті педофилдерге өлім жазасын тағайындау жөнінде референдум өткізуді сұрады

Қырғызстанда 61 парламентарий президентке педофилдерге өлім жазасын тағайындау бойынша референдум өткізуді ұсынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қаулының жобасы қарауға шығарылады.

Бұған дейін Қырғызстан парламентінің бірнеше депутаттары кәмелетке толмағандарды зорлағандарға жазаны қатаңдатуды ұсынды. Атап айтқанда, олар химиялық кастрацияны енгізуді талап етті.

Қырғызстанда өлім жазасына мораторий қолданылады. 1998 жылы Асқар Ақаев адам құқықтары декларациясының қабылданғанына 50 жыл толуына орай өлім жазасына екі жылдық мораторий енгізді. Содан кейін де кезең-кезеңімен мерзім ұзартылып тұрды.

Back to top button