BasNewsЖаңалықтар

Германия табиғи газ тапшылығын жариялады

Экономика және климатты қорғау министрі Роберт Хабектің Бундестагтың бюджет комитетіне жолдаған хатында Германияда жылына 11 миллиард текше метр сұйытылған табиғи газ жетіспейтінін айтқан, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Bild am Sonntag басылымына сілтеме жасап.

Христиан-демократиялық және христиандық әлеуметтік одақ блогының энергетикалық өкілі Марк Хельфриктің айтуынша, сұйытылған табиғи газ импортын қалай арттыруға болатыны әлі белгісіз. Оның айтуынша, Германияның келесі жылыту маусымын қалай еңсеретіні осыған байланысты болмақ.

Хельфрик газ тапшылығына байланысты энергияны қайтадан үнемдеуге тура келетінін және осыған орай өндірістің қысқаратынын атап өтті.

Наурыздың 7-сі күні Германия канцлері Олаф Шольц Германияның қыстың басында кездескен энергетика саласындағы қиындықтарды жеңе алғанын айтты. Сөзінше, жерасты газ қоймасы бастапқыда маусымның соңына дейін 40 пайызға толады деп күтілгенімен, қазіргі толтыру деңгейі 70 пайызды құрап отыр.

Back to top button