BasNewsЖаңалықтар
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер 14-16 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қазгидромет мәліметінше, 14-15 наурызда солтүстік-батыста, 15-16 наурызда солтүстікте, шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында қар және қар аралас жаңбыр жауады.
«Республика бойынша тұман, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі, кей уақытта жел күшейеді. Ал температура фонында қатты өзгерістер күтілмейді», – делінген хабарламада.