BasNewsЖаңалықтар

Астанада такси жүргізушісіне шабуыл жасалды

Такси жүргізушісі жеткізіп тастаған жастар жол ақысын төлеуден бас тартқан, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Астанада такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін ер адам екі адамды көрсеткен мекенжайға жеткізген, бірақ олар жол ақысын төлеуден бас тартып, жүргізушіге шабуыл жасаған.

Оқиға көрсетілген видео әлеуметтік желіде тарады. Онда жас жігіттің беліне дейін шешініп, видеоға түсіріп жатқан такси жүргізушісін қорқытқаны көрсетілген.

«Мен такси жүргізушісімін. Аталған екі адамды көрсеткен мекенжайға апардым, олар маған такси ақысын төлеуден бас тартты. Ары қарай жанжал басталып, күтпеген жерден маған жұдырық жұмсады. Мен өзімді қорғау үшін күресуге тура келді. Жас жігіт тас алып, мені қорқытты да, жағалауға қарай қашып кетті. Екеуі де мас болған», – делінген ер адамның Instagram парақшасында.

Полиция департаменті оқиғаға қатысы бар адамдарды іздестіріп жатқанын айтты.

«Осы факті бойынша Сарыарқа ауданының полиция бөлімі оқиғаға қатысушыларды анықтау мақсатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолданылатын болады. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі бойынша полицияға шағым түскен жоқ», – деп түсіндірді елордалық полиция департаменті.

Back to top button