BasNewsЖаңалықтар

Доллар шамамен 10 теңгеге қымбаттады

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 9,65 теңгеге көтеріліп, 456,66 теңге болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, Алматы уақытымен 12:00-де 66,32 (+2,68) теңге болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 471,85 теңге, рубль бағамын 5,87 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 455-459 теңгеден, еуро 488-495 теңгеден, ресей рублі 5,8-6,1 теңгеден саудаланып жатыр.

Мұнай 13 наурызда қымбаттады. Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы барреліне 83,13 долларға дейін, 0,42%-ға, WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 0,46%-ға, 77,03 долларға дейін өсті.

Back to top button