BasNewsЖаңалықтар

Ұлытау облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен 7 адам табылды

Төтеншеліктер Ұлытау облысында 7 адамды құтқарып қалды. Тұрғындар 3 күн бұрын мал іздеуге шығып, сол күйі хабарсыз кеткен, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ұлытау облысында құтқарылған тұрғындар жайлы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Дерекке сүйенсек, 7 адам 11 наурыз күні мал іздеуге екі көлікпен шыққан. Бірақ ауа райына байланысты жолда адасып кетіпті.

“Іздеу жұмыстарына Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техника тартылды. Жоғалған адамдар «Өлке» қыстағынан табылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ”, – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ өңір тұрғындарына бұған дейін әлеуметтік желі арқылы қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланған. Бірақ тұрғындар бұл хабарламаға мән бермеген көрінеді.

Back to top button